Ереванда "Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан-тәуелсіздіне 30 жыл" фотокөрмесі өтті оның аясында "Монополияға қарсы қызметтің үздігі" атты төсбелгісін тапсыру рәсімі өтті

Ереванда  "Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан-тәуелсіздіне 30 жыл" фотокөрмесі өтті оның аясында  "Монополияға қарсы қызметтің үздігі" атты төсбелгісін тапсыру рәсімі өтті

Ереван, 2021 жылғы 11 тамыз - Қазақстанның Армениядағы Елшілігінде армян мемлекеттік, қоғамдық және гуманитарлық ұйымдары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан" фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара шеңберінде 2021 жылғы 7 маусымда онлайн форматта өткізілген және Қазақстанның монополияға қарсы қызметінің 30 жылдығына арналған "Мемлекеттің экономикалық әл-ауқатын арттырудағы бәсекелестік саясаттың рөлі" дөңгелек үстелінің қорытындысы бойынша Армения Республикасының бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссиясының төрағасы Гегам Варданович Геворгянның "монополияға қарсы қызметтің қорғаушысы" төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 31 мамырдағы бұйрығында атап өтілгендей, "еңбек қызметіндегі жоғары жетістіктері, көпжылдық жемісті еңбегі, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін "монополияға қарсы қызметтің үздігі" төсбелгісімен Армения Республикасының бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссиясының төрағасы Геворгян Гегам Варданович марапатталды. Г. Геворгян алғыс сөзінде "Тәуелсіздік күнінен бастап Армения мен Қазақстан арасында түрлі салалардағы, оның ішінде бәсекелестікті қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілгенін" атап өтті.

Фотокөрме барысында шақырылғандар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктермен, елдің экономикалық жаңғыруымен, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси және демократиялық реформалармен, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық бастамаларымен танысты. Ақпарат Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен даму кезеңдерін суреттеген бірегей фотосуреттерді көрсетумен сүйемелденді.

Армян жұртшылығының өкілдері еліміздің тұрақты дамуы мен ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге, қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктері туралы, сондай-ақ халықаралық аренада жүргізіліп жатқан сыртқы саясат туралы жоғары пікір білдірді.