Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 30,8% - ға артты

Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 30,8% - ға артты

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 26 мамыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақ-армян комиссиясының 8-ші отырысы барысында хабарлады.

Пленарлық отырысты ашқан Бақыт Сұлтанов "Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі бізге 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін өзара сауда көлемін $ 5 млн-нан $ 15 млн-ға дейін, 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді," - деп хабарлады.

"Короновирус дағдарысы 2020 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымын 30,8% - ға арттыруға кедергі келтірмегенін оптимизммен атап өткім келеді (2020 жылы - $15 млн., 2019 жылы - $11,5 млн.). Біз Арменияға экспортты 66% - ға ұлғайттық ($7,3 млн.құрады). Өз кезегінде, Қазақстанға импорттық жеткізілімдер 8,8% - ға ($7,7 млн.) артты", - деді Министр Бақыт Сұлтанов.

Бұдан басқа, ҚР сауда ведомствосының басшысы атап өткендей, Қазақстаннан Арменияға экспорт құрылымында "Біз тегіс илек жеткізілімінің жаңаруының ($2,3 млн. - ға), шошқа еті экспортының 2 есе артуының ($0,6 млн. - дан $ 1,2 млн. - ға дейін) және қазақстандық сүт өнімдерінің (пахта, йогурт, айран) жеткізілімінің жолға қойылуының оң динамикасын байқап отырмыз.

Қазақстан Сауда министрлігінің басшысы, сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстанда армян капиталы бар 200-ден астам компания және экономиканың түрлі секторларында 43 қазақстан-армян бірлескен компаниясы жұмыс істейтінін хабарлады.

2005-2019 жылдар кезеңінде Армениядан тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $1,18 млн., 2020 жылы – $6,95 млн., бұл ретте Қазақстаннан Арменияға - $56,27 млн. құрады.