
Бүгін, 2021 жылғы 26 мамырда, Қазақстан астанасында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақ-армян комиссиясының 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында армян тарапы ел ішіндегі 24 көтерме-тарату орталығынан тауар өткізу жүйесін құру туралы хабардар етілді. Оның мақсаты-Қазақстандағы сауда ағындарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Экспорттық нарықтарда өндірушіден тұтынушыға дейін тауарларды жеткізудің бірыңғай жүйесін құру мақсатында ол Қырғызстанмен шекарадағы, Ресей Федерациясымен және Өзбекстанмен шекара маңы аймағындағы трансшекаралық сауда орталықтарыменинтеграцияланатын болады.
"Армян тарапының Ресей Федерациясы нарығының ірі сауда желілеріне шығу жөніндегі мол тәжірибесін ескере отырып, тауар өткізу жүйесін құру мәселесін бірлесіп пысықтауды ұсынамын", - деді Бақыт Сұлтанов.
Түпкілікті нәтижесінде, өнімді өсіру/өндіру тізбегін құруға, үздіксіз көлік логистикасын құруға және көрші елдердің ірі нарықтарына тауарларды жеткізудің экспорттық ағындарын жүктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зияткерлік басқару жүйесі бар сауда хабтарының жүйесі құрылатын болады.
Сондай-ақ, армян тарапына барлық қол жетімді жер үсті және теңіз инфрақұрылымын зерттеу және минималды көлік шығындарымен тауарларды тез жеткізуді қамтамасыз ететін мультимодальдық тасымалдау жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.
"Біз кейбір армян компанияларының Қазақстан аумағында логистикалық қоймалар ашу жоспарлары бар екенін білеміз. Қазақстаннан Арменияға тауарларды кері жүктеумен байланысты проблемалар бар. Өзара сауда шеңберінде тауарлар жеткізуді ұйымдастыру үшін көлік-логистикалық компанияларды тарта отырып, бірлескен логистикалық орталықтар құру мәселесін қарау қажет деп санаймын", - деп түйіндеді ҚР Сауда және интеграция министрі.
Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету және кеңейту, сондай-ақ ірі сауда көршілерінің ауқымды нарықтарына шығу міндеттері тиімді көлік-логистикалық тізбек құруды талап етеді.