Қазақстан - Армения онлайн бизнес-форумы өтті

Қазақстан - Армения онлайн бизнес-форумы өтті

Ереван, 25 мамыр - Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық қазақстан-армян комиссиясының алдағы 8-ші отырысы шеңберінде екі елдің 30-дан астам компаниясының қатысуымен онлайн бизнес-форум өтті.

Қазақстан тарапынан теміржол және автомобиль жолдарын салу, жылу желілерін жаңғырту, қалалық көлік инфрақұрылымын және тамақ өнеркәсібін жаңарту сияқты салаларда тауарлар мен қызметтерді өндірушілер қатысты.

Армян тарапынан құрылыс, тамақ өнімдері және консалтинг саласындағы компаниялар қатысты.

Екіжақты экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері бойынша бизнес-форумның ресми бөлігінде ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев, АР Экономика министрінің орынбасары Н.Терян, ҚР Армения Республикасындағы Елшісі Болат Иманбаев, , Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уақытша Сенімді өкілі Артур Манасерян және Армения Сауда-Өнеркәсіп палатасының директоры Андраник Алексанян сөз сөйледі.

Форум барысында "Kazakhexport" ҰК "АҚ және "Kazakh Invest" ҰК " АҚ өкілдері екі елдің кәсіпкерлерін Қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарда ілгерілету үшін ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларының мүмкіндіктерімен таныстырды.

Форум аясында тараптар екі елдің өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын тереңдету қажеттілігі туралы келісті. Ағымдағы жылдың қазан айының екінші жартысында екі елдің мүдделі кәсіпкерлерін барынша тарта отырып, Алматы қаласында бизнес-форум өткізу туралы шешім қабылданды.