
Ереван, 18 мамыр – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Ереван мемлекеттік университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі, профессор Александр Сафарянға Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени мен білім салалардағы байланыстарды дамыту, сондай-ақ армян тіліне Абайдың «Қара сөздер» шығармасын, М.Әуезовтың «Абай жолы» романын және «Қазақ әдебиетінің антологиясын» армян тіліне аудару үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті.
Александр Сафарян өзінің еңбегін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтып, екі халық арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі күшейтуге дайын екенін растады. Ол Ереван мемлекеттік университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, оқытушылармен, ғылыми зерттеушілермен академиялық алмасуды атап өтті.
Ағымдағы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Елші еліміздің осы жылдардағы негізгі саяси және экономикалық жетістіктері туралы айтып, жоспарланған мерейтойлық іс-шаралар туралы хабардар етті. Ол сұхбаттасушыны Мемлекет басшысының елді одан әрі демократияландыруға бағытталған саяси реформаларымен, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың өзекті бағдарламаларымен және ҚР халықаралық бастамаларымен таныстырды. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат туралы айтып берді. Осы тұрғыда кезекті отырысы 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу жөніндегі қазақстандық бастама айтылды.