Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаевтың Ереванға жұмыс сапары туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаевтың Ереванға жұмыс сапары туралы

Үстіміздегі жылғы 13-14 мамырда ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев Қазақстан мен Армения арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) кезекті отырысын дайындау мақсатында Ереванға жұмыс сапармен келді. 

Сапар кезінде Қайрат Төребаев Армения Экономика министрінің м.а., ҮАК-ның тең төрағасы Ваган Керобянмен, Арменияның Аумақтық басқарма мен инфрақұрылым және Жоғарытехнологиялық өнеркәсіп министрліктерінің басшылығымен, Ереван Сауда-өнеркәсіп палатасының президентімен, Отандық тауаршығарушылар одағының басшысымен, Арменияның экспорттаушы қауымдастығы және көлік компаниялары мен импорттаушы өкілдерімен кездесті. Аталған кездесулер қорытындылары бойынша Армения мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен алдағы ҮАК отырысының күн тәртібін талқылау мақсатында жұмыс кеңесі өткізілді.    

Келіссөздер барысында екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарының перспективалары, Қазақстан мен Армения арасындағы сауда-саттықпен айналысатын кәсіпкерлердің мәселелері мен оларды шешу жолдары, сондай-ақ ҮАК 8-ші отырысының күн тәртібінің мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. ҮАК-тың отырысы қарсаңында Қазақстан мен Армения компанияларының қатысуымен онлайн бизнес-форумды ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.