Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Ереван мемлекеттік университеті ректорының м.а. Гегам Геворкянмен кездесті

Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Ереван мемлекеттік университеті ректорының м.а. Гегам Геворкянмен кездесті

Ереван, 11 мамыр – Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Ереван мемлекеттік университеті ректорының м.а. Гегам Геворкянмен кездесті, сондай-ақ ҚазҰУ жанындағы Абай атындағы Қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығында болды. Кездесу барысында ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ректор Армян тарапының Қазақстанмен ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кеңейтуге бейілділігін растады. Ректор Ереван мемлекеттік университеті (ЕМУ) мен Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Ол оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және студенттермен академиялық алмасу саласындағы ағымдағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Ағымдағы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Елші еліміздің осы жылдардағы негізгі саяси және экономикалық жетістіктері туралы айтып, жоспарланған мерейтойлық іс-шаралар туралы хабардар етті. Ол сұхбаттасушыны Мемлекет басшысының елді одан әрі демократияландыруға бағытталған саяси реформаларымен, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың өзекті бағдарламаларымен және ҚР халықаралық бастамаларымен таныстырды. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат туралы айтып берді. Осы тұрғыда кезекті отырысы 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу жөніндегі қазақстандық бастама айтылды.