Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Ереван әкімі Айк Марутянмен кездесті

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев  Ереван әкімі Айк Марутянмен кездесті

Ереван, 6 мамыр - Қазақстанның Елшісі Болат Иманбаев Ереван қаласының әкімі Айк Марутянмен кездесті, кездесу барысында екі елдің астаналары мен өңірлері арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әкім Нұр-сұлтан мен Ереван арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. А.Марутян екі мемлекеттің астаналары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісімге қол қою мүмкіндігін пысықтауды жалғастыруды ұсынды, бұл түрлі салалардағы қатынастардың дамуына серпін береді. Көлік жүйелерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық мәселелерді шешу саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі талқыланды, сондай-ақ өнер және спорт саласындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Елші Ереван әкімін Қазақстан-Армян қарым-қатынастарының дамуы туралы хабардар етті.Ағымдағы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Б.Иманбаев еліміздің осы жылдардағы негізгі саяси және экономикалық жетістіктері туралы айтып берді. Ол сұхбаттасушыны Мемлекет басшысының елді одан әрі демократияландыруға бағытталған саяси реформаларымен, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың өзекті бағдарламаларымен және ҚР халықаралық бастамаларымен таныстырды. Қазақстандағы армян диаспорасының мәдениеті мен тілін дамыту үшін жасалған жағдайлар және ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат туралы айтып берді. Осы тұрғыда кезекті отырысы 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу жөніндегі қазақстандық бастама атап өтілді.

Әңгімелесу барысында Еревандағы Елшіліктің мәдени-имидждік іс-шараларын ұйымдастыруға жәрдемдесу мәселелері талқыланды, сондай-ақ өзара мүдделілік пен қатынастарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін білдіретін басқа да мәселелер бойынша пікір алмасылды.