Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Армения Респуликасы Премьер-Министрінің м.а. Никол Пашинянмен кездесті

Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев  Армения Респуликасы Премьер-Министрінің м.а.  Никол Пашинянмен кездесті

Ереван, 2021 ж. 4 мамыр - Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар қазақстан-армян қарым-қатынастары барлық бағыттар бойынша қарқынды дамып келе жатқанын, екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде зор әлеуеті мен өсу перспективалары бар екенін атап өтті. Премьер-Министрдің міндетін атқарушының пікірінше, осы әлеуетті іске асырудың маңызды тетігі сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия болып табылады, оның кезекті отырысы ағымдағы жылдың мамыр айында Нұр-сұлтан қаласында жоспарланып отыр. Бизнес-байланыстарды жандандыру тұрғысында ол ҮАК шеңберінде бизнес-форумдар өткізу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар жоғары технологиялар, цифрландыру, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды. Ағымдағы жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Елші сұхбаттасын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктермен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен экономикалық жаңғырту, саяси және демократиялық реформалар, сондай-ақ ҚР халықаралық бастамаларымен таныстырды.