Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения экономика министрінің м. а. Ваган Керобянмен кездесті

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения экономика министрінің м. а. Ваган Керобянмен кездесті
Ереван, 3 мамыр - Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасы Экономика министрінің міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Ваган Керобянмен кездесу өткізді, Кездесу барысында екіжақты және көпжақты экономикалық қатынастар мәселелері талқыланды.
 
Әңгімелесу барысында тараптар екі мемлекеттің Еуразиялық интеграциялық кеңістіктегі сауда-экономикалық өзара іс-қимылының зор әлеуеті мен өсу перспективаларын атап өтіп, осы әлеуетті іске асырудың айқындаушы құралы ағымдағы жылғы мамырда Нұр-сұлтан қаласында кезекті отырысы жоспарланып отырған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армян үкіметаралық комиссиясы болып табылатынын атап өтті.
 
В.Керобян Қазақстан-Армян қарым-қатынастарының одан әрі нығая беретініне сенім білдірді, экономикалық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша екі елдің мүдделері сәйкес келетінін атап өтті, өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ бизнес-байланыстарды жандандыруға және жаңа мүмкіндіктер іздеуге мүдделілігін білдірді.
 
Елші сұхбаттасушыны Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал мен инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары, елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы және Президент Қ.Тоқаевтың саяси және демократиялық реформалары туралы хабардар етті. Кездесу барысында В.Керобян биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында жоспарланған мерейтойлық іс-шаралармен танысты.