Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев АР Ұлттық Жиналысының депутаты, Армения-Қазақстан достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобянмен кездеседі

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев АР Ұлттық Жиналысының депутаты, Армения-Қазақстан достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобянмен кездеседі

Ереван, 23 сәуір - Қазақстан Елшісі Болат Иманбаевтың АР Ұлттық Жиналысының депутаты, Армения-Қазақстан достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобянмен кездесуі болып өтті, кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде парламенттік өзара іс-қимыл саласындағы мәселелер талқыланды.

Достық тобының жетекшісі В.Акобян парламентаралық қатынастардың дамуының оң динамикасын атап өтіп, армян тарапының Қазақстанмен жан-жақты өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады. Ол пандемиядан кейінгі кезеңде парламентаралық диалогты жандандыруға мүдделілігін білдірді.

Елші Б.Иманбаев ЕАЭО, ҰҚШҰ және ТМД сияқты интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі Қазақстанның Армениямен белсенді ынтымақтастығын, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар желісі бойынша сындарлы өзара іс-қимылды атап өтті. Армян тарапы Қазақстан іске асырып жатқан халықаралық бастамалар және алдағы халықаралық сипаттағы іс-шаралар, оның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен әлемдік және дәстүрлі діндер съезі шеңберінде өтетін іс-шаралар туралы хабардар етілді. Ол сұхбаттасушыны армян парламентариі жоғары бағалаған "еститін" мемлекет тұжырымдамасы аясында демократиялық институттар мен азаматтық қоғаммен тиімді қарым-қатынас тетіктерін одан әрі нығайтуға бағытталған Мемлекет басшысының саяси реформаларымен таныстырды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан-Армян парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі дамыту және нығайту шеңберінде бірлескен күш-жігер туралы уағдаласты.