Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Конституциялық Сотының Төрағасы Арман Диланянмен кездесті

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Конституциялық Сотының Төрағасы Арман Диланянмен кездесті

Ереван, 21 сәуір - Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Конституциялық Сотының Төрағасы Арман Диланянмен кездесті, кездесу барысында екіжақты және көпжақты бағыттағы құқықтық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ағымдағы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Елші еліміздің осы жылдардағы негізгі саяси және экономикалық жетістіктері туралы айтып, жоспарланған мерейтойлық іс-шаралар туралы хабарлады. Ол сұхбаттасушыны Мемлекет басшысының елді одан әрі демократияландыруға бағытталған саяси реформаларымен, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың өзекті бағдарламаларымен және Армения тарапы жоғары бағалаған Қазақстан Республикасының халықаралық бастамаларымен таныстырды.

Өз кезегінде А.Диланян Қазақстан мен Арменияның конституциялық әділет органдары мен басқа да заң құрылымдары саласындағы екіжақты қарым-қатынастары мемлекетаралық ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде дамитынына сенім білдірді. Ол құқық саласындағы озық тәжірибемен және жетістіктермен алмасу, сондай-ақ заң кадрларын даярлау саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделілігін білдірді.

Кездесу соңында тараптар ақпарат алмасу және екі елдің құқықтық және сот жүйелеріндегі жетістіктер үшін қолайлы жағдайлар жасау тұрғысынан одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.