Қазақстанның Елшісі Болат Иманбаев Армениядағы ҚР Құрметті Консулы атынан Матенадаран ежелгі қолжазбалар институтына реставрацияланған жабдықтар мен аспаптарды табыстау рәсіміне қатысты

Қазақстанның Елшісі Болат Иманбаев Армениядағы ҚР Құрметті Консулы атынан Матенадаран ежелгі қолжазбалар институтына реставрацияланған жабдықтар мен аспаптарды табыстау рәсіміне қатысты

Ереван, 2021 жылғы 20 сәуір – Қазақстанның Елшісі Болат Иманбаев Армениядағы ҚР Құрметті Консулы атынан Матенадаран ежелгі қолжазбалар институтына реставрацияланған жабдықтар мен аспаптарды табыстау рәсіміне қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Елшісі институт директоры Ваан Тер-Гевондянмен кездесті. Тараптар ғылым және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

В.Тер-Гевондян Қазақстанмен мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға мүдделілігін білдірді. Ол жоғары оқу орындары мен ғылым саласындағы серіктестікті кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды, сондай-ақ ежелгі армян-қыпшақ жазба ескерткіштерін зерттеу саласындағы бірлескен жобалар шеңберінде зерттеушілер мен оқытушылармен алмасу мәселелеріндегі ғылыми ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті.

 

Ағымдағы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Елші еліміздің осы жылдардағы негізгі саяси және экономикалық жетістіктері туралы айтып, жоспарланған мерейтойлық іс-шаралар туралы хабардар етті. Ол сұхбаттасушыны Мемлекет басшысының елді одан әрі демократияландыруға бағытталған саяси реформаларымен, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың өзекті бағдарламаларымен және ҚР халықаралық бастамаларымен таныстырды.

 

Іс-шара барысында Матенадаран ежелгі қолжазбалар институтына армян тіліне аударылған Абай Құнанбаевтың "Қара сөздері", Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" және қазақ әдебиетінің антологиясын қамтитын қазақстандық кітаптар жиынтығы сыйға тартылды.