Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның қоршаған орта министрі Романос Петросянмен кездесті

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев  Арменияның қоршаған орта министрі Романос Петросянмен кездесті

Ереван, 19 сәуір - Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының қоршаған орта министрі Романос Петросянмен кездесу өткізіп, оның барысында экология саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әңгімелесу барысында тараптар екі жақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де Қазақстан мен Армения арасындағы Қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті мен өсу перспективаларын атап өтті.

Министр Қазақстан-Армян қарым-қатынасы одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, экологиялық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша екі елдің ұстанымдары сәйкес келетінін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Әңгіме барысында Романос Петросян ҚР-ның жасыл технологиялар саласындағы халықаралық бастамаларымен, атап айтқанда, 2013 жылы Астанада қол қойылған "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасымен таныстырылды.

Елші сұхбаттасын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктері, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың армян тарапы жоғары бағалаған саяси және демократиялық реформалары туралы хабардар етті. Кездесу барысында Р.Петросян биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында жоспарланған мерейтойлық іс-шаралармен танысты.