
Ү.ж. 30 наурызында Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Арменияның білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Ваграм Думанянмен кездесіп, ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Министр Армян тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту жөніндегі бейілділігін растады. Ол іске асырылмаған әлеуеттің бар екенін атап өтіп, ағымдағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Ваграм Думанян жоғары оқу орындары мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол информатика, математика және басқа да нақты ғылымдар бойынша пәндік олимпиадаларды өткізу мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективаларын атап өтті. Сондай-ақ, мәдениет және спорт саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделілік білдірілді.
Ағымдағы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Елші еліміздің осы жылдардағы негізгі саяси және экономикалық жетістіктері туралы айтып, жоспарланған мерейтойлық іс-шаралар туралы хабардар етті. Ол сұхбаттасушыны Мемлекет басшысының елді одан әрі демократияландыруға бағытталған саяси реформаларымен, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың өзекті бағдарламаларымен және ҚР халықаралық бастамаларымен таныстырды. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат туралы айтып берді. Осы тұрғыда кезекті отырысы 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу жөніндегі қазақстандық бастама айтылды.