Меню

Страницы

Статья

Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ағартушысы, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, жазушы және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист. Қазақстанда «Ұлт ұстазы» ретінде құрметке ие.

Байтұрсынұлы тамаша әдебиетші, педагог, лингвист болған. Ол араб графикасы негізінде қазақ жазуын түрлендіріп, оны шетелде тұратын миллиондаған қазақтарға пайдалануға мүмкіндік берді. А.Байтұрсынұлы қазақ тілінде қолданылмайтын барлық таза араб әріптерін алып тастап, Қазақстанға тән әріптерді қосты. «Жаңа Емле» деп аталған жаңа әліпбиді әлі күнге дейін Қытайда, Ауғанстанда, Иранда тұратын қазақтар қолданады.

Ахмет Байтұрсынұлы Республиканың Академиялық орталығын басқарды, Қазақстан тарихындағы алғашқы мемлекеттік университеттің филология профессоры болды. Ол ана тілі бойынша оқу құралдарын, білім беру жүйесіне арналған оқулықтарды, 1920 жылдары бірнеше басылымдарға тұрақталған көрнекі оқулықтарды жасады. Байтұрсынұлы қазақ грамматикасын анықтайтын ғылыми терминология әзірлеп, алғаш рет қазақ әдебиеттану жүйесін құрып, тарихқа, әдебиеттің теориясы мен сынына, әдіснамасына толық анықтама берді.

Әдеби шығармалары: Ахмет Байтұрсынұлының шығармалар жинағы «Қырық мысал», «Маса», негізгі ойы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздауға, еңбек етуге шақыру, А. Байтұрсынұлы орыс акындары А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, С.Я.Надсон, француз философы Вольтердің және т.б өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Ағартушы жөнінде естелік үшін Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражай-үйі ашылып, Қазақстанның көптеген қалаларында. көшелері аталып, ескерткіштер орнатылды.

Дата публикации
14 марта 2022
Дата обновления
14 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
27 января 2026
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
27 января 2026
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
27 января 2026
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары