Мәдени-гуманитарлық саласындағы ынтымақтастық
Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени-гуманитарлық және ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастық 2006 жылғы 6 қарашадағы Мәдениет саласындағы ҚР мен АР Үкіметі арасындағы келісім (2010 жылғы 12 қазанда күшіне енді) негізінде жүзеге асырылуда.
2010 жылдан бері Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Ереван мемлекеттік университетінде орналасқан Түркітану кафедрасы жанында қазақ тілі, мәдениет және тарихы орталығы өз жұмысын бастады.
2016 жылғы 30 қарашада Арменияның Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиет орталығы ашылды. Орталықтың ашылуы барысында екі елдің ұлттық кітапханалары арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2017 жылғы 18 қыркүйекте «Мәскеу» Ереван кинотеатрында Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына және ҚР Еревандағы Елшілігінің ашылғанына 10 жыл толуына орай «Қазақ киносының аптасы» өтті.
2018 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Ереван қаласында Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов бастаған және ҚР Мәденит және спорт министрлігіне қарайтын «Қолжазбалар және сирек кітаптар» орталығының директоры А.Садуовтың қатысуымен «Армян-қыпшақ жазбаларының мұраларын зерттеу барысындағы қазақ және армян ғалымдарының жұмыстары» тақырыбында конференция өткізіліп, оған қазақстандық және армян түркітанушы-ғалымдары мен шығыстанушылар қатысты. Сол күні Қазақстан мен Арменияның шығармашылық және әдеби зиялыларының өкілдері қатысқан «Еревандағы Абай оқулары» әдеби-музыкалық кеші өтті. Конференция аясында ҚР Мәдениет министрлігінің Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы мен АР «Матенадаран» ежелгі қолжазбалар институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2019 жылғы 29 қарашада Ереванда XV-XIX ғасырлардағы отандық жазушылар мен ақындардың шығармаларының жинағы ұсынылған армян тіліндегі «Қазақ әдебиетінің антологиясы» кітабының тұсаукесері өтті.
2020 жылғы 19 тамызда Ереванда қазақтың ұлы ақынының 175 жылдығына орай екі кітаптан тұратын Абайдың «Қара сөздері» және М.Әуезовтің «Абай жолы» романы «Абай-175» жинағының армян тіліндегі тұсаукесері өтті.
2020 жылғы 21 желтоқсанда ҚР Армениядағы Елшілігі Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығына арналған бейнеконференция ұйымдастырды. Сол күні Ереван мемлекеттік университетінде Абай атындағы орталығының ашылу салтанаты өтті.
2021 жылғы 1 маусымда Еревандағы М.Измирлян атындағы балалар үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халықаралық балаларды қорғау күні аясында АР бірінші ханымның қамқорлығымен ерекше қажеттіліктері бар қазақстандық балалардың «Балалар көзіндегі Әлем» атты суреттер көрмесі өтті. Іс-шараны Қазақстанның Армениядағы Елшілігі, Арменияның Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі, «Аялаған алақан» қоғамдық қоры және М.Измирлян атындағы арнайы қажеттіліктері бар балаларға арналған балалар үйі ұйымдастарды. Көрмеге қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерімен, елдегі демократиялық реформалармен, оның ішінде балалар мен мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы реформаларымен танысты. Іс-шара аясында Елшілік пен ҚР Құрметті консулдығының атынан М.Измирлян атындағы балалар үйіне спорттық жабдықтар мен сыйлықтар берілді. Сол күні ерекше қажеттіліктері бар қазақстандық балалардың жұмыстары «Ереван – менің махаббатым» қайырымдылық қорының концертінде ұсынылып, армян жұртшылығы арасында үлкен қызығушылық тудырды.
2021 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшілігі Дилижанның мэриясының қолдауымен Дилижандағы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырды. Келушілерге полигондағы ядролық сынақтар, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы, Қазақстанның ядролық қарусыздану мен таратпауға қосқан үлесі туралы баяндайтын тарихи фотосуреттер ұсынылды. Фотокөрмеден кейін бейнематериал көрсетіліп, қазақстандық және армян орындаушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған концерт өтті. Іс-шараларға Арменияның мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының, БАҚ өкілдері, Дилижан тұрғындары, сондай-ақ «Әлем жауынгері» халықаралық әскери ойындарының конкурсанттары қатысты.
2021 жылғы 23 қарашада ҚР Армения Республикасындағы Елшілігі Алматы облыстық әкімдігінің қолдауымен «Music hall dvin» концерттік залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты концерт өткізді. Іс-шарада Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына қарасты «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті. Ұлттық киім киген белгілі өнерпаздар қазақтың әндері мен билерін орындап, домбыра, қыл қобыз, жетіген, шертер, собызғы аспаптарында көне музыкалық өнерлерін көрсетті. Жиынға көрермен ретінде Арменияның мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының, дипломатиялық корпустың, іскер топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдері 400-ге жуық адам қатысты.
2021 жылғы 8 желтоқсанда ҚР Елшілігі Ереван мемлекеттік университетімен бірлесіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қыпшақ тілді армян графикасында жазылған қолжазбалар тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді. Іс-шараға Ресей, Иран, Израиль, Польша, Франция, Қырғызстаннанның шығыстанушы ғалымдары, сондай-ақ Қазақстан мен Арменияның ғылыми-білім беру орталықтарының, ұлттық университеттері мен академиялық институттарының өкілдері қатысты. Конференция барысында қолжазбаларды тарихи-филологиялық зерттеу саласындағы жетекші мамандар қазақтар, армяндар және Солтүстік Еуразияның басқа халықтары арасындағы көпғасырлық мәдени байланыстарды талқылады. Конференцияға қатысушылар Қазақстан мен Арменияның ғылыми-білім беру орталықтары мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.
2022 жылғы 15 ақпанда Ереван мемлекеттік университетінде оқу орнының ректоры О.Оганнисянмен, ЕМУ профессорлық-оқытушы құрамымен және студенттерімен, сондай-ақ Арменияның академиялық және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында армян тарапы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және демократиялық реформалар туралы, Президент Қ.Тоқаевтың ҚР Үкіметінің алдына қойған және елдің одан әрі экономикалық дамуына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттері туралы хабардар етілді. Кездесуге қатысушылар мәдени-гуманитарлық салада, сондай-ақ ғылым, білім, әдебиет және өнер саласында екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуын атап өтті.
2022 жылғы 25 сәуірде Ереванның «Лусэ» қорында Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне арналған «Ерекше балалық шақ: Балалар әлеміне есік ашу» атты қазақ және армян балаларының суреттерімен және қыш бұйымдарының көрмесі ашылды. Іс-шараға «Лусэ» және «Ереван, менің махаббатым» армяндық қайырымдылық қорларының, «Аялаған алақан» қазақстандық қоғамдық қорының басшылары, Арменияның мемлекеттік органдары мен ведомстволарының, сондай-ақ Ереванда аккредиттелген үкіметтік емес ұйымдар мен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. «Аялаған алақан» халықаралық қайырымдылық қорының жетекшісі Р.Хайрушева балаларды сурет өнеріне үйрету жобасы аясында мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеу жөніндегі тәжірибесін айтты. Қазақстандық суретші, «BEST» өнер мектебінің ұстазы Д.Ғұмаровтың сурет өнері бойынша шеберлік сабағы іс-шара қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.
2022 жылғы 20 мамырда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі конституциялық реформа мен жалпыұлттық референдумға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға Арменияның сарапшылар қауымдастығының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Армян сарапшылары Парламенттің рөлін күшейтуге және халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған елде жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформалардың өзектілігі мен деркезділігін атап өтті. Сарапшылар конституциялық өзгерістер елді заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығаратынына сенім білдірді.
2022 жылғы 21-26 маусым аралығында Ереванда қазақстандық делегация ТМД елдерінің «СолидАрт. Қазіргі заманғы өнер және мемлекеттік басқару» және «Қолжазба және баспа мұрасын сақтау мен қалпына келтірудің соңғы технологиялары» атты семинарлар өтті. Семинарлар мұрағаттау және жоғары технологиялар саласындағы жаңа әдістер мен технологиялар туралы тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік берді. Екі семинардың бағдарламалары бір-бірімен қиылысып, ТМД елдерінің кино-мұрасын сақтау мәселесіндегі ынтымақтастық тәжірибесі мен перспективаларын талқылауға мүмкіндік туғызды.
2022 жылғы 6 шілдеде Ереванда «Маэстро» орындаушылық өнердің бірінші халықаралық байқауы-фестивалінің жеңімпаздары мен «Гран-при» иегерлерінің гала-концерті өтіп Қазақстан, Армения, Австрия, Италия, Қырғызстан, Ресейден келген 470 музыкалық орындаушылар қатысты.
2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына, сондай-ақ Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауына, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындыларына және Астанадағы АӨСШК 6-шы саммитіне арналған дөңгелек үстел өтті. Армян сарапшылар қауымдастығының өкілдері ҚР жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық жаңғыртудың, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы реформалардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Жетекші сарапшылар Қазақстандағы конституциялық реформаны құптап, қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында ҚР басшылығының саясатын жоғары бағалады. Шара барысында дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Армян Апостолдық Шіркеуінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің басшысы, архиепископ Натан Оганисян Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрмет медалімен марапатталды.
2022 жылғы 18 қазанда Ереванда 12 мемлекеттің қатысуымен «Шекспир» халықаралық театр фестивалі өтті. Елшілік осы іс-шараға Н.Жанторин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының қатысуына жәрдем көрсетті. Қазақстандық труппа Шекспирдің «Гамлет» қойылымымен өнер көрсеттіп, көрермендердің қызығушылығын тудырып, табысқа жетті.
2022 жылғы 4 қарашада Ереван мемлекеттік университетінде Қазақстанның Елшілігінің қолдауымен көрнекті қазақ ағартушысы, ақын және ғалым Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жазушылар, журналистер, ЕМУ оқытушылары мен студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Ереван мемлекеттік университетінің профессоры А.Сафарян Арменияда Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін зерделеу мен дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Белгілі ақын және аудармашы Л.Блбулян және түркология кафедрасының оқытушысы Ш.Хачатрян қатысушыларды А.Байтұрсыновтың әдеби мұрасымен таныстырды. Іс-шарада Алаш Орда тарихын және Ахмет Байтұрсыновтың қызметі мен шығармашылығын зерттейтін студенттер де сөз сөйледі.
2022 жылғы 11 желтоқсанда Ереванда Junior Eurovision 2022 халықаралық байқауының (балалар Евровидениесі) үлкен финалы өтті. Байқауға белгілі қазақстандық орындаушы және IV Халықаралық Baqytty Bala-2022 байқауының финалисті Д. Чарлин қатысты.