Меню

Страницы

Статья

Қазақстанның Бас консулы Урал федералды университетінің ҚР жерлестік өкілдерімен кездесті

Екатеринбург, 2023 жылғы 17 қараша – Урал федералдық университетінде ҚР Екатеринбургтегі Бас консулы Ж. Мамутбековтың Уралдың жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Ж.Мамутбеков аудиторияны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды. Жиналғандардың назарын сапалы білім алу қажеттілігіне аударып, мемлекет жастарды оқыту және одан әрі дамыту үшін қолдау көрсетуді және қолайлы жағдайлар жасауды жалғастыратынына сендірді.

Студенттерге жергілікті заңдарды сақтаудың, Ресейдің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеудің маңыздылығын, сондай-ақ студенттердің өздеріне зиян келтіріп, Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіретін кез келген оқиғаларға жол бермеудің маңыздылығын еске салды.

Студенттерді уақытша консулдық есепке тұруға шақыра отырып, ол өз азаматтарын шетелде консулдық қамтамасыз етудің бұл түрі көптеген мемлекеттердің тәжірибесінде бар екенін және ешқандай азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайтынын түсіндірді.

Сонымен қатар, кездесу барысында 2024 жылы бірлескен мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізу бойынша пікір алмасты.

 

Дата публикации
21 декабря 2023
Дата обновления
21 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 мая 2025
Челябинск қаласында қазақстандық концертмейстер Р.Нұржанова мен Мажарстан тубисті З.Ковачтың классикалық музыка концерті өтті
07 апреля 2025
ШЕТЕЛДЕ НЕКЕ ҚИЮДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
07 апреля 2025
НОТАРИАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары