Меню

Страницы

Статья

Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық

2023 жылғы:

2023 жылы мәдени-гуманитарлық саладағы жемісті екіжақты ынтымақтастықтың оң үрдісі жалғасуда.

2023 жылы келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

31 қаңтарда Елшілікте Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Е. Көшербаев пен Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының басшыларының кездесуі өтті. Кездесуге «Мәскеу болат және қорытпалар институты» Ұлттық ғылыми-зерттеу технологиялық университетінің ректоры Алевтина Черникова, Ресей халықтар достығы университетінің ректоры Олег Хостребов, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің ректоры Виктор Мартынов, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының (университетінің) бірінші проректоры Геннадий Толстопятенко, «Мәскеу инженерлік физика институты» Ұлттық зерттеу ядролық университетінің халықаралық стратегия және даму жөніндегі проректоры Дмитрий Савкин қатысты. Кездесуде аталған жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттерді оқыту және Қазақстан Республикасының азаматтары үшін білім беру квотасын ұлғайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қыркүйек айында Алматы қаласында ашылған «МИФИ" Ұлттық зерттеу ядролық университетінің және Атырау қаласында ашылған И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалдардың жұмыс істеуінің түрлі бағыттары да сөз болды.

1-3 ақпанда Елші Е.Көшербаев бастаған ҚР РФ Елшілігінің делегациясы Волгоград облысында болып, Сталинград шайқасының аяқталғанына 80 жыл толуына орай еске алу шараларына қатысты.

2 наурызда Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің татар тіліндегі кітабының жарық көруіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның туғанына 125 жыл толуына орай шығарылған жинаққа "Көксерек", "Қараш-қараш оқиғасы", "Қилы заман" атты үш шығармасы енген.

2 наурызда "Русские сезоны" халықаралық жобасының салтанатты ашылуына орай Ресей Федерациясының Мәдениет министрі О. Любимованың Астанаға жұмыс сапары өтті. Оның сапары аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Ораловпен кездесу өтіп, тараптар мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

3 наурызда Елшілік делегациясы Ржев қаласын (Тверь облысы) фашистік басқыншылардан азат етудің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты. Еске алу рәсімі аясында дипломаттар 100-ші және 101-ші жеке атқыштар бригадасының Қазақстан жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойды.

14 наурызда Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Өтешқали Атамбаевтың (1910-1994) марапаттары табыс етілді. Олардың қатарында Ленин, Октябрь Революциясы, екі Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, "Құрмет Белгісі" ордендері және т.б. бар.

6 сәуірде Елші Е.Көшербаев "Санкт-Петербург – Достастықтың мәдени астанасы 2023" жобасының ресми салтанатты ашылу рәсіміне қатысу үшін Санкт-Петербургке сапармен барды.

28 мамырда Мемлекеттік тілді дамытуды қолдау аясында ҚР РФ Елшілігінің көмегімен Мәскеу қаласында Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Қазақстан павильонында "Жағдаятты қазақ тілі" қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұсаукесері өтті.

30 мамырда Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры А.П.Чехов атындағы XVI халықаралық театр фестивалі аясында Моссовет театрының сахнасында қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасы бойынша қойылған осы аттас спектаклін ұсынды.

6 маусымнан 6 шілдеге дейін "Қазан Кремль" мұражай-қорығында Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының коллекциясынан "Ұлы Дала алтыны" көрмесі өтті.

12 шілдеде Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Д.Абаев Волоколамск қаласындағы 28 батыр-панфиловшылар Мемориалына барды.

10 тамызда Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл толуына орай Елші Дәурен Абаев бастаған Қазақстан Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары Мәскеудегі ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

15 тамызда Мәскеудегі Қазақстанның Елшілігінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің (Филипп Парасенко, Иван Сурнин) сүйегін тапсыру рәсімі өтті.

18-20 тамызда Мәскеуде қазақ киносының күндері өтті.

15 қыркүйекте Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің "Қазақстан" павильонында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев пен Мәскеудегі жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттерінің кездесуі өтті.

29 қыркүйекте ҚР-дың РФ-тағы Елшілігінің дипломаттары қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың қайтыс болу күні сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген Дон зиратындағы бауырластар қабіріне гүл шоқтарын қойды.

Қыркүйек-қазан айларында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев бірқатар ресейлік мәдениет мекемелеріне барып, олардың басшылығымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Дата публикации
30 октября 2023
Дата обновления
30 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 мая 2025
Челябинск қаласында қазақстандық концертмейстер Р.Нұржанова мен Мажарстан тубисті З.Ковачтың классикалық музыка концерті өтті
07 апреля 2025
ШЕТЕЛДЕ БАЛАНЫҢ ТУУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
07 апреля 2025
НОТАРИАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары