Қазақстан Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығының ашылуына байланысты Бас консул Ж.Мамутбековтың РФ Свердлов облысының Губернаторы Е. Куйвашевпен, Свердлов облысының халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрі В.Яринмен, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Екатеринбург қаласындағы өкілі А. Харловпен, Екатеринбург қаласының басшысы А. Орловпен протоколдық кездесулері өткізілді.
Тараптар ҚР мен Свердлов облысы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының кеңеюі мен болашағы туралы талқылады.
Ж.Мамутбеков ресей тарапына еліміздің дипломатиялық өкілдігін ашуға көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді.
Е. Куйвашев Қазақстан Свердлов облысының жетекші серіктестерінің бірі болып табылатынын және сыртқы сауда айналымы бойынша алдынғы қатарда тұрғанын атап өтті. ҚР мен Свердлов облысы арасындағы экономикалық және достық байланыстарды нығайтуда жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.