Ресейде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар (ТМД – ға қатысушы елдердің азаматтарынан басқа) және азаматтығы жоқ адамдар (ТМД – ға қатысушы елдердің жеке басын куәландыратын құжаты бар азаматтығы жоқ адамдардан басқа) Қазақстаннан құжаттарды, оның ішінде сотталмағандығы туралы анықтаманы, некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы (отбасы жағдайы туралы) талап етеді, сондай-ақ «Апостиль» мөртабаны бар құжаттар (1961 жылғы Гаага Конвенциясының талаптары негізінде Шетелдік ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жою туралы) консулдық округтерге бөлуге сәйкес Қазақстанның дипломатиялық және консулдық өкілдіктері арқылы жүзеге асырылады.
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
(келуді келесі сілтеме арқылы брондауға болады)
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ekaterinburg/online-booking?lang=kk
Ресейде тұрақты тұратын Ресей және ТМД елдерінің азаматтары дипломатиялық арналарсыз (Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияның 14-бабы, Минск қаласында жасалған, 1993 ж.) Ресей аумағында тіркелген жері бойынша Ресейдің әділет органдары (немесе АХАЖ органдары) арқылы Қазақстаннан құжаттарды талап ететініне назар аударамыз. Бұл ретте, «Апостиль» мөртабаны бар құжатты талап ету (Қазақстанның Ресейдегі шет елдердегі мекемелері арқылы ғана талап етіледі) ерекшелік болып табылады.
ТАЛАП ЕТУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қазақстан Республикасынан мынадай құжаттардың:
1) әскери билеттердің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктердің);
2) қызметтік куәліктердің;
3) неке қию туралы куәліктердің, егер неке бұзылған болса;
4) қайтыс болған адамдардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері талап етуге жатпайды.
Қайтыс болуы туралы куәліктер қайтыс болғандардың туыстары, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары және ұйымдары ресми мақсаттарда (мұрагерлік іс ашу және басқа да әлеуметтік-құқықтық сипатқа ие мақсаттарда) талап етуі мүмкін.
Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.
Ескертпе: талап ету үшін консулдық алым 3000 Ресей рублін, «Апостиль» мөртабанын талап ету үшін - 3500 Ресей рублін құрайды.
Төлем әрбір талап етілетін құжатқа түбіртек негізінде жеке жүргізіледі.
Консулдық алым қайтарылмайды.
Құжаттарды қарау мерзімі 4 айдан 6 айға дейін.
Назар аударыңыз!
Пошта арқылы құжаттар қабылданбайды!