Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫНА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Қазақстан Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын азаматтардың келесі санаттардан Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын кәмелетке толмағандар, іс-әрекетке қабілетсіз және Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесіне және оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетiн адамдар мен олардың отбасы мүшелерi.

Барлық басқа жағдайларда азаматтар ҚР-да тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының аумақтық көші-қон қызметі органдарына жүгінеді.

Толығырақ ақпарат келесі сілтеме бойынша.

МАҢЫЗДЫ!

Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдауына байланысты Қазақстан Республикасы азаматтығының жоғалтуы тіркелген азаматтар 5 (бес) жылдан кейін ғана Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау не азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш жасай алады.

Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбегі бар не тізбеге сәйкес келетін адамдар және олардың отбасы мүшелері құжаттарға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының қолдаухатын қоса береді.

*****

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш беру үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

  • Қазақстан Республикасының Президенті атына өтініш ( жүктеу)– 2 дана;
  • сауалнама-өтініш ( жүктеу)– 2 дана;
  • өмірбаян ( жүктеу) (өз қолымен жазылған) – 2 дана;
  • 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет – 4 дана;
  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – 2 дана;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат – 2 дана;
  • соттылығының болуы немесе болмауы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама – 1 дана;
  • Ресей Федерациясының құзыретті органы берген Ресей Федерациясының азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы анықтама, түпнұсқа және көшірмесі – 1 дана;
  • балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері – 2 дана;
  • «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы өтініш-келісім ( жүктеу) – 1 дана;
  • Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына сәйкес кәсіптердің тізбесіне сай келетін адамдар атына Қазақстан Республикасының бейінді мемлекеттік органының қолдаухаты, түпнұсқа және көшірмесі – 1 дана;
  • Консулдық алым төленгені туралы құжат – 10000 Ресей рублі.

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

18 жасқа толмаған, сондай-ақ қабілеті жоқ деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың нотариалды куәландырылған заңды өкілдерінің өтініштері бойынша, басқа мемлекеттерде –баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қаралады.

14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың азаматтығын өзгерту мәселесі жөніндегі өтінішті ұсынған жағдайда, оның нотариалды куәландырылған жазбаша түрде білдірген келісімі қажет.

Құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде немесе мемлекеттiк не орыс тілiндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар басқа тілде жасалуы тиіс.

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТЕК АЛДЫН-АЛА ЖАЗЫЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ (келуді келесі сілтеме бойынша брондауға болады).

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ekaterinburg/online-booking?lang=kk

Дата публикации
22 августа 2023
Дата обновления
28 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 мая 2025
Челябинск қаласында қазақстандық концертмейстер Р.Нұржанова мен Мажарстан тубисті З.Ковачтың классикалық музыка концерті өтті
07 апреля 2025
ШЕТЕЛДЕ НЕКЕ ҚИЮДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
07 апреля 2025
НОТАРИАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары