Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ОРАЛУҒА АРНАЛҒАН КУӘЛІКТІ РЕСІМДЕУ

Иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат.

Аталған құжатты Қазақстан Республикасының консулдық мекемелер:  

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және келісімдерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
  • Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;
  • Босқындарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келуге арналған құжаттарын жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына ұстап берілген не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайларда береді.

Қайтып оралуға арналған куәлік 3 айға дейін қолдану мерзіміне ресімделеді!

Назар аударамыз!!! Қайтып оралуға арналған куәлік Қазақстан Республикасына келген соң, кунтізбелік 10 күнге дейінгі мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылады және жоғалған жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру материалдарына қосылады.

  • Еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда).
  • Жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (жоғалтқан жағдайда).
  • Өлшемі 3х4 см түрлі-түсті екі фотосурет.
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
  • Жеке басын куәландыратын құжаттардың (болған кезде) бірінің түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы берілетін жеке басты куәландыратын электронды құжат, ал ол болмаған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толтырылған  сауалнама-өтініш.
  • Жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады (жынысын өзгерткен жағдайда).
  • жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған кезде - 2 жұмыс күні;
  • жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған кезде - 10 жұмыс күні.
  • 570 Ресей рублі 

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы:Екатеринбург қ., Куйбышев к., 44.

Телефон арқылы хабарласыңыз: +7 (343) 229 51 46 және / немесе электрондық пошта: ekaterinburg@mfa.kz , kazconsulekb@gmail.com .

Дата публикации
22 августа 2023
Дата обновления
28 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 мая 2025
Челябинск қаласында қазақстандық концертмейстер Р.Нұржанова мен Мажарстан тубисті З.Ковачтың классикалық музыка концерті өтті
07 апреля 2025
ШЕТЕЛДЕ НЕКЕ ҚИЮДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
07 апреля 2025
НОТАРИАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары