Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫНА ЖАТАТЫНДЫҒЫН АЙҚЫНДАУ ТӘРТІБІ

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Қазақстан Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын келесі тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау рәсімін жүзеге асырады:

- 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарымен құжатталған немесе оларды жоғалтқан;

- он сегіз жастан асқан, бірақ: Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алмаған, бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында туған және азаматтығы жоқ адамдар деп танылған азаматтар;

- Қазақстан Республикасының аумағында туғандар және Ресей Федерациясының азаматтығында болмағандар.

Жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтар келесі құжаттарды қоса бере отырып, Бас консулдық арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын айқындау туралы өтінішті жеке өздері береді:

  • сауалнама-өтініш ( жүктеу) – 1 дана;
  • 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет – 1 дана;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат (РФ тұру ықтиярхаты немесе тұрғылықты жерінен анықтама, түпнұсқа және екі көшірме);
  • іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек қызметті дәлелдейтін құжат, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, мұрағаттық анықтама - шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТЕК АЛДЫН-АЛА ЖАЗЫЛУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ (келуді келесі сілтеме арқылы брондауға болады).

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ekaterinburg/online-booking?lang=kk

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Өтінішті қарау мерзімі- Қазақстан Республикасының азаматтығын тексеру нәтижелері алынғаннан кейін - 7 жұмыс күні.

Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтындығы немесе азаматтығының жоқтығы туралы анықтама алу жөнінде өтініш түскен жағдайда, тиісті анықтама беріледі.

Анықтама бергені үшін консулдық алым – 2830 Ресей рублі алынады.

МАҢЫЗДЫ! КОНСУЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕР ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ.

18 жасқа толмаған, сондай-ақ қабілеті жоқ деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың нотариалды куәландырылған заңды өкілдерінің өтініштері бойынша, басқа мемлекеттерде –баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қаралады.

 

Дата публикации
22 августа 2023
Дата обновления
22 августа 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

29 мая 2025
Челябинск қаласында қазақстандық концертмейстер Р.Нұржанова мен Мажарстан тубисті З.Ковачтың классикалық музыка концерті өтті
07 апреля 2025
ШЕТЕЛДЕ БАЛАНЫҢ ТУУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
07 апреля 2025
НОТАРИАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары