Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ресейге сапар жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарының назарына!

Ресей заңнамасына сәйкес шет мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында кейбір жағдайларда Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін хабарлаймыз.

Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде жайсыз жағдайлардың орын алуын болдырмау үшін, сапар алдында Ресейге кіруге рұқсатқа қатысты өз деректеріңізді сілтемесі арқылы онлайн-сервисте тексеруді ұсынамыз.

Толтыруға міндетті жолдар: Тегі, Аты, Жынысы, Туған күні, Азаматтығы, Құжат түрі (Қазақстан азаматтары үшін – ТМД-ға қатысушы мемлекеттер азаматының ұлттық паспорты немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі), Құжаттың нөмірі. Әрі қарай, суреттегі кодты енгізіп, "Сұрау жіберу" түймесін басу қажет.

Осыдан кейін жүйе "Ресей Федерациясының аумағына кіруге кедергі келтіретін негіздер Ресей ІІМ желісі бойынша қазіргі уақытта табылған жоқ" немесе рұқсат бермеуші аймақты көрсете отырып, "Ресей ІІМ-де Ресей Федерациясының аумағына кіруге рұқсат бермеуге негіз бар" деген жауапты береді.

Алынған ақпарат анықтамалық сипатқа ие және тексеру күніне ғана өзекті екендігіне назар аударамыз.

Ресей Федерациясына кіруге рұқсат етілмейтін негіздердің толық тізімі «Ресей Федерациясынан шығу және Ресей Федерациясына кіру тәртібі туралы» 1996 жылғы 15 тамыздағы №114-ФЗ Федералдық заңының 25.10, 26 және 27-баптарында белгіленген.

Ресей ІІМ желісі бойынша Ресей Федерациясына кіруге тыйым салудың болмауы басқа федералды атқарушы органдар (Федералды қауіпсіздік қызметі, Қорғаныс министрлігі, Сыртқы барлау қызметі, Сыртқы істер министрлігі, Федералды жазаны орындау қызметі, Федералды кеден қызметі, Росфинмониторинг, Роспотребнадзор, Федералды медициналық-биологиялық агенттік) немесе олардың аумақтық органдары шығарған шешімдерге байланысты оның болуын жоққа шығармайды.

Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде тексеру шаралары кезінде де Ресейге кіруге тыйым салынуы мүмкін. Осыған байланысты, Ресейде айналымға тыйым салынған тізімге гармала немесе адыраспан өсімдіктері енгізілгенін еске саламыз. Оны Ресейге әкелгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары