Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Челябинск қаласында қазақстандық концертмейстер Р.Нұржанова мен Мажарстан тубисті З.Ковачтың классикалық музыка концерті өтті

 

2025 жылғы 12 мамырда Челябинск қаласында Қазақстан мен Мажарстанның Екатеринбургтегі Бас консулдықтарының, сондай-ақ ҚР Пермьдегі Құрметті консулы А.Конев пен Мажарстанның Челябинскідегі Құрметті консулы В. Лощенконың қолдауымен қазақстандық концертмейстер Рината Нұржанова мен Мажарстан тубисті Залан Ласло Ковачтың классикалық музыка концерті өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «қазақтар мен мажарлар – ежелден достық қарым-қатынаста болған туысқан халықтар. Екі елдің тілі, әдет-ғұрпы мен мәдениеті ұқсас. Орта ғасырларда Торғай даласынан Еуропаға қоныс аударған қыпшақ тайпаларының ұрпақтары бүгінде Мажарстан аумағында тұрады. Біз мұны мақтан тұтамыз. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-мажар интеграциясы барлық салаларда қарқынды дамып келеді».

 Бағдарламада барокко дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі музыка ұсынылды, ал фортепиано тубаның дыбысын керемет түрде толықтырды. Концертте Бахтың, Шостаковичтің, Лео Вайнердің және басқалармен қатар Морриконенің шығармалары орындалды.

Рината Нұржанова - Құрманғазы атындағы консерваторияны фортепиано классы бойынша бітірген. К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыка мектебінде жұмыс істейді. Кең репертуарға ие концертмейстер ретінде мол тәжірибесі бар. Белсенді концерттік қызметті жүргізеді. Республикалық және халықаралық байқауларда лауреаттардың үлкен тізімін дайындады.

Залан Ласло Ковач - әйгілі солист, Мажарстанның «Күміс крест» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мажарстанның жыл сайынғы классикалық музыка фестивальдерінің жетекшісі, «Иштван Бочкай» білім беру орталығының және Эгреши Бени атындағы өнер мектебінің директоры.

Бірлескен концерттердің осындай форматтарының маңыздылығы елдеріміздің халықтары арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға баға жетпес үлес қосатынына сенімдіміз.

Документы
Новости
Полезные материалы
Челябинск қаласында қазақстандық концертмейстер Р.Нұржанова мен Мажарстан тубисті З.Ковачтың классикалық музыка концерті өтті
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары