Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Е. Тәжібаевтың Хатлон облысына сапарының қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Е. Тәжібаевтың Хатлон облысына сапарының қорытындылары туралы

2020 жылғы 14-16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Е. Тәжібаевтың Хатлон облысына жұмыс сапары өтті, оның мақсаты Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болып табылды.

А.Е. Тәжібаевтың Хатлон облысының Төрағасы Курбон Хакимзодамен кездесуі барысында және облыс төрағасының орынбасары Раджабали Раджабовтың қатысуымен Қазақстан өңірлерінің Хатлон облысымен көпжоспарлы ынтымақтастығының жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары талқыланды. Хатлон облысының әкімшілік орталығының мэриясына бару кезінде Қазақстан Елшісі қала төрағасы Сиджоуддин Саломзадамен қазақстандық компаниялардың Бохтар кәсіпкерлерімен ынтымақтастығының ықтимал бағыттарын талқылады.

Сапар бағдарламасына сәйкес, содай-ақ А.Е. Тәжібаев Хатлон облысы Данғара ауданының төрағасы Ислом Рахмонмен және «Данғара» еркін экономикалық аймағы әкімшілігінің басшылығымен кездесіп, ЕЭА қызметімен танысты.