Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Душанбе, 2025 жылғы 18 ақпан – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрі Рахим Саидзодамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы ағымдағы ынтымақтастығын, білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды қолдануды, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.