Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Тәжібаевтың Соғды облысына сапарының қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Тәжібаевтың Соғды облысына сапарының қорытындылары туралы

2020 жылғы 26-28 тамызда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Е. Тәжібаевтың Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсаты болып табылатын Соғды облысына жұмыс сапары өтті.

Соғды облысының Төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен, облыс төрағасының орынбасары Анвар Яъкубимен және Ходжент қаласының мэрі Маъруф Мухаммадзодамен кездесу барысында Қазақстан өңірлерінің ел экономикасының басты қозғаушы күші болып табылатын Соғды облысымен ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегі талқыланды.

Гүлистон қаласын аралау барысында Қазақстан Елшісі «Бахористон» көпфункционалды сауықтыру кешенімен танысты. Истаравшан қаласында А.Е. Тәжібаев қала мэрі Амир Қурбанзодамен қазақстандық компаниялардың тәжік кәсіпкерлерімен ынтымақтастығының ықтимал бағыттарын талқылады, сондай-ақ қазақстандық инвесторлардың қатысуымен құрылған «Оби Зулол» сусындар өндіретін кәсіпорынның қызметімен танысты.

Сондай-ақ Ә.Е. Тәжібаев экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін дамыған өнеркәсіптік және коммуникациялық инфрақұрылымы бар «Соғд» еркін экономикалық аймағының қызметімен танысты.