Душанбеде қазақстандық студенттермен кездесу өтті

Душанбеде қазақстандық студенттермен кездесу өтті

17 желтоқсанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі У.Төреханов Душанбедегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында В.Төреханов студенттерді Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайымен таныстырды. Студенттердің жоғары сапалы білім алуына, қабылдаушы елдің заңнамасын және университет ережелерін сақтауына назар аударды. Алған білімдерінің Қазақстанның игілігі үшін және қазақ-тәжік қатынасының нығаюына қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, 2025 жылға жоспарланған мәдени іс-шараларға қатысты пікір алмасу болды.