Қазақстан Елшісінің Тәжікстан БАҚ өкілдері мен сарапшылары үшін 2024 жылдың қорытындысы бойынша брифингі

Қазақстан Елшісінің Тәжікстан БАҚ өкілдері мен сарапшылары үшін 2024 жылдың қорытындысы бойынша брифингі

2024 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның БАҚ өкілдері мен сарапшылары үшін брифинг өткізді.

ҚР Елшісі екі елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелеріндегі өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті. Қазақстан мен Тәжікстанның 2024 жылғы ынтымақтастығының қорытындылары шығарылып, алдағы жылға арналған жоспарлар айқындалды.

Қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы тамызда Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапарына, сондай-ақ сапар қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысына ерекше назар аударды.

Сапар шеңберінде сауда-инвестициялық форум өткізілгенін, оның барысында шамамен 900 миллион долларға келісім-шарттарға қол қойылғанын, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі, инновациялар, IT, астық жеткізу және т.б.

Сондай-ақ, Уәлихан Төреханов мәдени-гуманитарлық байланыстардың белсенді дамып келе жатқанын, Тәжікстан қалаларында Қазақстанның Мәдениет күндерінің сәтті өткізілгенін және Душанбедегі Фирдавси саябағында Абай Құнанбаев бюстінің ашылуын ерекше атап өтті.

Брифинг барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жетекшілігімен Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар туралы ақпараттық бюллетень ұсынылды.