Қазақстан Елшісі У.Төрехановтың «Хатлон инвест-2024» Халықаралық инвестициялық форумына қатысуы туралы

Қазақстан Елшісі У.Төрехановтың «Хатлон инвест-2024»  Халықаралық инвестициялық форумына қатысуы туралы

2024 жылғы 17 қазанда Тәжікстан Республикасы Хатлон облысы төрағасының шақыруымен Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі У.Төреханов Бохтар қаласында өткен «Хатлон инвест-2024» Халықаралық инвестициялық форумы мен «Бактрия фуд-2024» экспорттық форумының жұмысына қатысты.

Аталған халықаралық іс-шараларды өткізудің мақсаты Хатлон облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, экспортты дамыту, экспортқа бағдарланған өндірісті нығайту, тәжік өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, болу елінің мүмкіндіктері мен экспорттық өнімдерін ұсыну арқылы сатып алушылар мен экспорттаушылар арасындағы іскерлік қатынастарды кеңейту болып табылады.

Форумның алаңында В2В және В2G форматтарында екіжақты кездесулер, ТР өндірістік және экспорттық мүмкіндіктерінің көрмесі өтті, сондай-ақ тәжік және қазақ бизнес өкілдері арасында бірқатар келісімшарттарға қол қойылды.