
2024 жылғы 1 қарашада The Ritz Carlton қонақ үйінде (Астана қ. Достық көшесі, 16) Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел (KGIR-2024) өтеді. Дөңгелек үстелге әлемнің әртүрлі елдерінен 500-ден астам қатысушы, соның ішінде жетекші халықаралық компаниялардың өкілдері, отандық бизнес, инвесторлар, сарапшылар және қоғам көшбасшылары қатысады.
Іс-шараның басты тақырыбы – «Жаһандық инвестициялық үрдістер: Болашаққа көзқарас». Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әлемдік нарықтардың ағымдағы үрдістері мен олардың инвестициялық стратегияларға әсерін, сондай-ақ халықаралық капиталды тартуда инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылайды.
КГИР-2024 халықаралық және отандық бизнес өкілдері арасында пікір алмасу және жаңа іскерлік байланыстар орнату үшін бірегей алаң ұсынады.
Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркеу қажет: www.kgir.kz
https://www.youtube.com/watch?v=L41UAP0QthI