
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2024 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 404 сайлау учаскесі құрылды. Ол 2024 жылғы 6 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады.
Елшіліктің мекен-жайы: Душанбе қаласы, Хусейнзода к-сі 31/1.
Қазақстанның 18 жасқа толған белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Сіздің деректеріңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы, өз құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.
Референдумда дауыс беру бюллетень негізінде жүзеге асырылады. Елшілік жанындағы №404 учаскеде 221 89 40 телефон нөмірі бойынша алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз.
Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болуы тиіс.
Қосымша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Елшіліктің бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларымен танысуға болады.