Душанбеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған брифинг өтті

Душанбеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған брифинг өтті

2024 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінде ҚР Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша Тәжікстанның жетекші сарапшылары мен саясаттанушылары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында Елшіліктің кеңесшісі Дархан Көшербаев жиналғандарды Жолдауының негізгі тармақтарымен және түйінді тұстарымен, сондай-ақ ҚР Үкіметінің алдына экономиканы жаңғырту мен жетілдіру бойынша қойылған жаңа міндеттемелер мен азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсарту, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарымен жан-жақты таныстырды.

Сондай-ақ ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті жою, салық жүйесін жетілдіру, Ұлттық қорды басқару тиімділігін арттыру және бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және бюджеттік саясатты жүзеге асыру үшін жағдай жасау, бизнес жүргізу, экономиканы цифрландыру және басқа да маңызды мәселелер туралы жолдаудың тармақтары айтылды.

Кездесуде пікір алмасу орын алып, қатысушылар Қазақстанда жүзеге асырылған бастамаларға, сондай-ақ жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларға оң баға берді.