Душанбеде ШЫҰ-ның Астана саммитіне арналған брифингі өтті

Душанбеде ШЫҰ-ның Астана саммитіне арналған брифингі өтті

Душанбе, 2024 жылғы 17 шілде – Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов 4 шілдеде Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары Кеңесінің 24-ші отырысының қорытындылары, сондай-ақ Қазақстан және Тәжікстан қарым-қатынастарының күн тәртібі мен олардың даму перспективалары туралы брифинг өткізді.

Елші өз сөзінде Астана саммиті ШЫҰ-ның Еуразиялық кеңістіктегі өңірлік қауіпсіздіктің факторы болып қала беретінін ерекше атап өтті. 23 жыл ішіндегі өзінің тиімді қызметінің арқасында ол, Орталық Азия «негізі» болып табылатын одан да ықпалды және тартымды халықаралық құрылымға айналды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге қазақстандық бастамаларды қолдағаны үшін, сондай-ақ «үлкен отбасының» барлық елдеріне біздің төрағалығымыз барысындағы ұсыныстарымызды құптағаны және бірлескен жұмысы үшін шын жүректен ризашылық білдірді.

Тәжікстан Үкіметіне бірлескен іс-шаралар кезінде қазақстандық төрағалыққа тұрақты қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда қазақстандық тарапқа жан-жақты көмек көрсеткен тәжік серіктестеріне алғыс білдірді.

Брифинг барысында У.Төреханов жиналғандарды Қазақстанның соңғы жылдардағы жетістіктері, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулары туралы хабардар етті.

Қазақстандықтардың Қ.К.Тоқаевтың саяси жаңғырту, экономиканы жүйелі әртараптандыру, заңдылықты нығайту, адам құқықтарын қорғау жөніндегі реформалары мен бастамаларын қолдайтынын атап өтті. Қазақстанда адам құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің айтарлықтай күшейтілуі, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңның қабылдануы саласында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды ерекше атап өтті.

Брифингке Тәжікстанның жергілікті БАҚ басшылары мен өкілдері, жетекші сарапшылары мен саясаттанушылары қатысты.