Душанбеде Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының отырысына дайындық мәселелері талқыланды

Душанбеде Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының отырысына дайындық мәселелері талқыланды

Душанбе, 2024 жылғы 15 шілде – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Султон Рахимзодамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Душанбеде өтетін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы 18-ші отырысына дайындық мәселелерін, сондай-ақ ҮАК алдыңғы отырысында қол жеткізген уағдаластырқтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, екіжақты тауар айналымын арттыру үшін әртүрлі салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету, сондай-ақ инвестиция саласындағы іс-шараларға қатысу мәселелері қозғалды.