Душанбе, 2024 жылғы 28 маусым - Тәжік-ауған шекарасындағы әскери борышын орындау кезінде 1995 жылғы 7 сәуірде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Тәжікстан ардагер-интернационалистер одағының, Ардагерлер Одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің (тәжік-ауған шекарасындағы соғыс қимылдарына және әскери қақтығыстарға қатысушылар) басшылықтары, БАҚ, сондай-ақ Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің өкілдері қатысты.
Қатысушылар қазақстандық жауынгерлердің өз өмірлерін қиа отырып әскери борыштарын батырлықпен орындағанын, әскери анттарына адал болып қалғандарын және олар өздері қорғағандардың жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.