
Соғды облысы, 2024 жылғы 17-19 маусым – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төрехановтың Соғды облысына жұмыс сапары өтті.
Сапар барысында Соғды облысының Төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен кездесу өтіп, Қазақстан мен Тәжікстан өңірлері арасындағы ынтымақтастық мәселелері Мемлекет басшыларының Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстан Республикасына 2023 жылғы 3-4 мамырда жасаған Мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмаларды орындау тұрғысында талқыланды. Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, Шымкент пен Худжанд кәсіпорындарының өзара іс-қимылының келешегі туралы пікірімен бөлісті.
Өзара сауданы ұлғайту және инвестиция тарту бойынша бірлескен жұмыстың жай-күйі мен келешегі қаралды, қазақстандық компаниялар мен Тәжікстанның Соғды облысының кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары, оның ішінде жоғары құны бар шикізатты қайта өңдеу және өнімділігі жоғары тауарларды өндіру салалары талқыланды.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат «Сугд-2024» мерейтойлық Х халықаралық сауда жәрмеңкесіне қатысты, онда Шымкент пен Соғды облысының кәсіпкерлері ынтымақтастық туралы 7 меморандумға, сондай-ақ Тәжікстанға қазақстандық өнімдерді жеткізу туралы келісім-шарттарға қол қойды.
Сапар аясында Елші Соғды облысында орналасқан бірқатар қазақ-тәжік бірлескен кәсіпорындарын аралады.