Душанбе, 2024 жылғы 3 сәуір – Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Насредин Исматулломен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар көпжақты ынтымақтастық, өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесу (БҰҰ, АӨСШК, ОАӨАҮО, және т.б.) мәселелерін талқылады.
Бірқатар халықаралық өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарымыздың ұқсастығы атап өтілді, екі ел сыртқысаяси бастамаларына өзара қолдау көрсетуге қанағаттанушылық білдірілді.
Қорытындылай келе У.Төреханов Н.Исматуллоға кездесу үшін және тәжік тарапының қазақ-тәжік қатынастарының барлық салаларында сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға дайындығы үшін алғыс білдірді.