
Душанбе, 2024 жылғы 2 сәуір – Душанбе қаласының әуежайында «Сомон Эйр» әуе компаниясының Душанбе – Астана – Душанбе бағыты бойынша бірінші тікелей рейсінің ашылу рәсімі өтті.
Ашылу рәсіміне Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов, «Сомон Эйр» әуе компаниясының Бас директоры Абдулкосим Валиев, Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің Директоры Дилшод Сафарзода, Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Туризмды дамыту бойынша комитетінің Төрағасы Камолиддин Муминзод, сондай-ақ дипломатиялық корпус және БАҚ өкілдері қатысты.
«Сомон Эйр» әуе компаниясының Бас директоры А.Валиев қазақстандық тарапқа рейсті ашудағы жан-жақты көмегі үшін алғысын айтып, Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасындағы тікелей әуе қатынастарының барлық салаларда байланыстарды нығайтуға қосымша серпін беретініне сенімдік білдірді. Рейсті ашу сауда-экономикалық, инвестициялық және туристтік ынтымақтастықты нығайтуда айтарлықтай рөл атқаратынын атап өтті. Рейстерді қосқаннан кейін сауда және туристік ағыны екі тараптан да ұлғаяды деген үміт білдірді.
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі У.Төреханов тәуелсіздік жылдары Қазақстан мен Тәжікстан арасында көпқырлы және өзара тиімді мемлекетаралық байланыстар орнатылғанын және олардың стратегиялық рухы негізінде нығайып жатқанын атап өтті. Қазақстан мен Тәжікстан кеңформатты ынтымақтастықты нығайтуды, соның ішінде әуе көлігі саласында жалғастырып жатқанын жеткізді. Астаналарымыз арасындағы тікелей әуе байланысының болуы туристтер үшін ғана емес, сондай-ақ Астанада және Қазақстанның өңірлерінде білім алып жатқан тәжік студенттері үшін де қолайлы болады. Сондай-ақ, Астана арқылы барлық бағыттарға ұшуға болады, соның ішінде Еуропа және Азияға.
Қазақстан Елшісі барлығын әуе рейсінің ашылуымен құттықтап, экипаж бен жолаушыларға Астана қаласында жайлы қонуына тілектестік білдірді.