
Душанбе, 2024 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов және «Сомон Эйр» әуе компаниясының Бас директоры Абдулкосим Валиев ү.ж. 2 сәуірге жоспарланып отырған Астана мен Душанбе арасында тікелей тұрақты рейсін ашу мәселесін талқылады.
Тараптар астаналар арасындағы тікелей әуе қатынасы Қазақстан мен Тәжікстанды одан әрі жақындатып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристтік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына септігін тигізетінін қанағатпен атап өтті.
Душанбе-Астана бағыты бойынша бірінші рейсінің орындалу рәсімі Қазақстан Республикасының Елшілігі, «Сомон Эйр» әуе компаниясы және Тәжікстанның Азаматтық авиация комитеті, сондай-ақ дипломатиялық корпус және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ү.ж. 2 сәуірде өтуі жоспарланып отыр. Ү.ж. 19 сәуірден бастап Астанаға ұшу жиілігі аптасына екі рейске ұлғаяды – сейсенбі және жұма күндері.