Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрімен кездесу туралы

Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрімен кездесу туралы

2024 жылғы 20 ақпанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төрехановтың Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джумамен кездесуі өтті.

Әңгіме аясында Қазақстан мен Тәжікстанның су-энергетикалық өзара іс-қимылын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, екі елдің жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастығының болашағы қаралды.

Тараптар Тәжікстан Республикасының 2020-2023 жылдары Халықаралық Аралды құтқару қорындағы нәтижелі төрағалығына және Қазақстанның осы халықаралық ұйымға төрағалық етуі аясындағы мемлекеттердің өзара іс-қимылына оң баға берді.

Кездесу барысында алдағы вегетациялық кезеңде су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері, оның ішінде «Бахри Точик» су қоймасынан тұрақты су жіберу мәселесі де талқыланды.