
Ү.ж. 14 ақпанда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Халықтық газетасының редакциясына барып, басылымның бас редакторы Махбуба Камоловамен кездесті.
Кездесу барысында У.Төреханов Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен біздің елімізде болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы айтты.
Өз кезегінде, М.Камолова Қазақстан Елшілігімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін және Қазақстан медиа-қауымдастығымен байланыстарды дамыту қажеттілігін атап өтті.
Тараптар БАҚ саласында өзара әрекеттесу бағыттары бойынша ұйымдастырылатын бірлескен жобаларды жүзеге асыруды қолдауға дайын екендерін білдірді.