Елші Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Дилшод Сафарзодамен кездесті

Елші Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Дилшод Сафарзодамен кездесті

2024 жылғы 11 қаңтарда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Дилшод Сафарзодамен кездесті.

Кездесу барысында екі елдің авиация саласындағы ынтымақтастығын жандандыру, оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында тепе-тең негізде тікелей рейстерді қайта ашу мәселелері талқыланды.

Тараптар екі елдің авиациялық билігі арасындағы өзара іс-қимылдың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті.