2023 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов «Бәйтерек» қазақтардың қоғамдық ұйымының (Мәдени Орталық) Төрайымы Зәуре Сәминоваға халықтар достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің құрмет грамотасын табыс етті.
«Бәйтерек» Төрағасы З.Сәминова қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Қазақстанға елдің бақытты болашағының мықты кепілі болатын жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.
«Бәйтерек» қоғамдық ұйымы Тәжікстанда тұратын қазақ диаспорасын біріктіреді. 2007 жылдан бері ұйым Қазақстан Елшілігінің қолдауымен жұмыс істеуде.
Орталықпен қазақ диаспорасын ана тіліне үйрету, қазақ халқының тарихы және мәдениетімен таныстыру, «құрақ-көрпе» үйірмесінде қолөнерімен айналысу және ұлттық тағамдарды даярлау бойынша қарастырылған бағдарлама қабылданған.