Қазақстан Елшісінің Хатлон облысына жұмыс сапары туралы

Қазақстан Елшісінің Хатлон облысына жұмыс сапары туралы

2023 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уалихан Төреханов Хатлон облысының Бохтар қаласына сауда-экономикалық өзара әрекеттесуді белсендіру мәселесі бойынша өңір басшылығымен келіссөздер жүргізу мақсатында жұмыс сапарымен барды, сондай-ақ Хатлон облысының бизнес қауымдастығымен кездесулер өткізді.

Хатлон облысының Төрағасы Давлати Саидпен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы кооперация, қазақстандық компаниялар мен өңір кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды ретке келтіру мәселелері, сондай-ақ Мемлекет басшыларының 2023 жылғы 3-4 мамырда өткен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша берген тапсырмаларының жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Хатлон облысы кәсіпкерлерімен кездесу шеңберінде қазақстандық дипломат қазақ-тәжік сауда-экономикалық өзара әрекеттесуінің ахуалы мен әлеуеті туралы ақпараттандырды. Екіжақты сауда айналымын әрі қарай ұлғайту мақсатында «KazakhExport» компаниясының қаржы-сақтандыру құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан өндірушілерінің Тәжікстанға экспортын 85 тауар түрі бойынша 186 млн. АҚШ долл. астам сомаға ұлғайтуға дайын екені атап өтілді.

Сондай-ақ, Елші Бохтар қаласындағы өнеркәсіптік аймағына барып, сол жерде өңірдің өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты.