Қазақстан Республикасы күні Тәжікстанда салтанатты түрде атап өтілді

Қазақстан Республикасы күні Тәжікстанда салтанатты түрде атап өтілді

Ү.ж. 24 қазанда Душанбенің «Hyatt Regency» қонақүйінде Қазақстан Республикасының Тәжістандағы Елшілігі Қазақстан Республикасының Күнін тойлау аясында салтанатты ресми қабылдау ұйымдастырды.

Іс-шара қонақтарының ішінде Тәжікстан Республикасының мемлекеттік құрылымдарының басшылары, Душанбеде тіркелген шетел елшіліктері мен халықаралық ұйымдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері, ғылым мен өнер интеллигенциясы, медиа бірлестігі, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері болды.

Қабылдауда сөз сөйлеу кезінде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктері туралы айтты. Өткен жылы 28 млрд, АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициялары тартылғаны, аталған көрсеткіш соңғы 10 жылда үздік болғаны, сыртқы сауда – 136 млрд. АҚШ долл., оның ішінде 84 млрд. – экспорт екені атап өтілді.

Қазақстанның Орталық Азия векторындағы сыртқы саясатында Тәжікстанмен өзара тиімді және одақтас қатынастарды дамытуға ерекше маңыз беріледі және дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығын тойлау кезінде ү.ж. мамырда Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмонның Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті, оның барысында өзара одақтастық әрекетесу туралы Декларациясына қол қойылды, ал тамыз айында Қазақстанның үш бірдей калаларында – Астана, Алматы және Шымкентте ауқымы жағынан бұрын соңды болмаған Тәжікстанның Мәдениет күндері өтті.

Өзінің құттықтау сөзінде Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары У.Усмонзода Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, тату қоғам және тұрақтылық құрудағы, халықаралық аренада өзінің беделін нығайтудағы орасан зор жетістіктерін атап өтті.

Сонымен бірге, қонақтардың назарына Қазақстанның жетістіктері және қазақ-тәжік қатынастарының дамуы туралы видео бейнеу мен фото көрме, қазақ және тәжік ұлттық музыкалық шығармаларын орындаған әртістердің өлеңдері ұсынылды.