
2023 жылғы 18 қазанда Душанбе қаласында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігі, Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі және Душанбе қаласындағы ШЫҰ Достық және ынтымақтастық ортылығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығының басымдықтары: ұйымның жаһандық рөлін арттыру, ШЫҰ кеңістігінде достық пен ынтымақтастықты нығайту» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Тәжікстан СІМ басшылығы, мүше-мемлекеттердің және ШЫҰ диалогы бойынша байқаушы және серіктес мемлекеттердің Елшілері, сарапшылар, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы қазақстандық Стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның ШЫҰ төрағалығының негізгі басымдықтары, сондай-ақ Ұйымның көпжақты өзара әрекеттесуінің ең әлеуетті бағыттары бойынша күн тәртібін кеңейтуге шақыратын Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың ШЫҰ 23-ші Саммитіндегі ШЫҰ жаңа даму стратегиясын қабылдау бойынша ұсынысы ерекше атап өтілді.
Қазақстан дипломатиялық миссиясының басшысы У.Төреханов, Қазақстан Ұйым құрылуының негізін қалаушы мемлекет ретінде, өзінің төрағалығы шеңберінде оның рөлін арттыруды жалғастырады, ШЫҰ кеңістігінде достық пен тату көршілікті ілгерілетуге ықпалдасады, сондай-ақ айтарлықтай инвестициялық, сауда және көліктік әлеуеті бар ел ретінде жаһандық мәселелерді шешудегі жалпы үлесін ілгерілетуге атсалысады. Сыртқы, өңірлік және жаһандық факторларды ескере отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзінің қызметін жетілдіру туралы түсіністікке келді, соның ішінде ШЫҰ Хартиясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша.
Іс-шара барысында дипломатиялық корпус өкілдері Қазақстанның төрағалығы кезінде ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты жүзеге асыру әлеуеттері мен жолдары бойынша мағыналы пікір алмасты.