Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегі тәжік тарапына берілді

Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегі тәжік тарапына берілді

2020 жылғы 13 мамырда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев Қазақстан Республикасынның гуманитарлық көмегін тәжік тарапына ресми табыстау рәсіміне қатысты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Тәжікстанға 5000 (бес мың) тонна ұн жеткізілді.

Осы жүк туралы куәлікті Елші Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевқа тапсырды.

Елші Асқар Тәжібаев өз сөзінде Қазақстан жыл сайын бауырлас Тәжікстанның халқына гуманитарлық көмек көрсетіліп келе жатқандығын және оның жалпы сомасы 2006 жылдан бері 38 млн. АҚШ долларынан асқанын атап өтті.

Өз кезегінде Сохибджон Зиёдуллоев терең ризашылығын білдіре отырып, тәжік тарабы Қазақстан Республикасы Үкіметінің көрсеткен көмегін жоғары бағалайтынын атап өтті.